Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гандбол: Ташкентте өтетін құрлық чемпионатының логотипі бекітілді
14:43 / 2025-08-13

Қазіргі таңда Ташкент қаласында биылғы 20 тамыз күні басталатын 20 жасқа дейінгі (U-20) қыздар арасындағы XVIII Азия чемпионатына (18th Asian Women’s Junior Handball Championship) қызу дайындық жүріп жатыр.

Ұйымдастыру комитеті Азия құрлығының 10 елінен қатысатын чемпионаттың ресми логотипін бекітті. Онда гандболшының доппен шапшаңдығы, екпіні мен жігерін паш етіп, алға ұмтылған бейнесі суреттелген.

Чемпионатта Өзбекстан U-20 құрамасы «A» тобында Қытай, Қытай Тайбэйі, Гонконг және Үндістан командаларымен бақ сынайды. 

«B» тобында Оңтүстік Корея, Жапония, Иран, Қазақстан және Қырғызстан құрамалары ойнайды.

Турнир барысында құрлық чемпионы атағымен қатар келесі жылы өтетін әлем чемпионатына берілетін төрт жолдама сарапқа салынады.

«18th Asian Women’s Junior Handball Championship» ойындарын 8 елден келген 16 төреші басқарады. Олардың арасында өзбекстандық төрешілер де бар.

Жарыс 29 тамызға дейін жалғасады.