Ганадағы президент сайлауында оппозиция өкілі Джон Махама жеңіске жетті
Гана сайлау комиссиясы 7 желтоқсанда өткен президенттік сайлауда елдің бұрынғы басшысы, оппозиция өкілі Джон Драмани Махаманың жеңіске жеткенін жариялады.
Бұл туралы Ghana Web ақпарат порталы хабарлады.
Хабарда айтылғандай, президенттік қызметке үміткер ретінде 12 адам бақ сынаған.
– Осы жоғары лауазымның басты үміткері болған елдің вице-президенті Мухаммаду Бавумия сайлауда жеңілгенін мойындап, бұрынғы президент Махаманы жеңісімен құттықтады, – делінген хабарламада.