Ганада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Ганада жолаушылар автобусының жанармай таситатын танкермен соқтығысуы салдарынан 15 адам қаза тапты.
«Анадолу» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға Ашанти әкімшілік аймағында болған. Автобустың ішінде діни шарадан қайтып келе жатқан жолаушылар болған.
Соқтығыс елдің негізгі магистральдарының бірі, Аккра–Кумаси жолында орын алған. Өкінішке қарай, қаза болғандардың арасында балалар да бар екені айтылады.