Гампер кубогы: «Барселона» өз алаңында «Пумас» командасын қабылдайды
Каталонияның «Барселона» клубы Гампер кубогы кездесуінде мексикалық «Пумас» командасымен ойнайтын болды.
Командалар арасындағы кездесу 7 тамызда «Spotify Камп Ноу» алаңында өтеді.
Каталондық клубтың ресми сайтындағы мәлімдемесінде «Рома» бұл кубок кездесуіне қатысудан бас тартқаннан кейін дайын қарсылас табу қиын болғанын айтады.
Гампер кубогы — «Барселона» клубы жыл сайын ұйымдастыратын маусым алдындағы дәстүрлі жолдастық турнир саналады. Ол 1966 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және атаулы кубокты «Барселона» 44 рет көке көтерген.
Клубтың әйелдер құрамасы француздық «Монпелье» клубымен 23 тамызда Йохан Кройфф атындағы стадионда кездеседі.