БҰҰ климат өзгеруі жөніндегі үкіметаралық тобының ғалымдары глобалды жылыну Тынық мұхитындағы кейбір арал елдерінің жойылуына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
The Guardian басылымының хабарлауынша, ғалымдар осы аймақ елдері бұрыннан тасқыннан, циклоннан, тұрақты құрғақшылықтан және жер асты суларының тұздануынан зардап шегіп келеді. Сонымен қатар, әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуіне байланысты көптеген елдер су астында қалуда.
«Бұл жағдай Кирибати, Вануату және Соломон аралдарын өмір сүруге жарамсыз етеді», - дейді Австралияның Тынық мұхиты Гринпис зерттеу бөлімінің басшысы Никола Казуле.
Ғалымдардың есебіне сәйкес, әлемдегі орташа температура 1,1 градусқа көтерілген. Бұл 2040 жылға қарай орташа температура 1,5 градусқа көтерілетінін білдіреді. Содан кейін ыстық толқындар, жел, құрғақшылық, су тасқыны мен өрт жағдайы жиілейді, мұздықтар еріп құлай бастайды.
Мәліметтерге қарағанда 1900 жылдан бастап әлемдік мұхит деңгейі 20 сантиметрге көтерілген.