English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ғалымдар қартаюды тоқтататын дәріні ойлап тапты
20:13 / 2021-02-19

Жапондық ғалымдар қартаюды тоқтататын және ағзаны жасартатын дәрі тапты. Бұл препаратты алдағы 5-10 жыл ішінде қолдану мүмкін.

Токио Университетінің медициналық зерттеу институтының профессоры Макото Наканисидің айтуынша, ағзаның жасына байланысты әлсіреуі жасушалардың жүйеде қабыну процестерін қоздыратын мүшелерде жиналуына тікелей байланысты. Уақыт өте келе осы жасушалардың ағзада топталуы қартаюға себеп болады. Олардан бірі сенесцент. Егер осы жасушалар алып тасталса, онда олар қоздыратын қабыну процестері тоқтап, қартаю белгілерінің айтарлықтай жақсаруына қол жеткізуге болады, дейді ғалым.  

Бұл жасушаларға өмір сүру үшін глутаминді глутамин қышқылына айналдыратын GLS1 ферменті қажет. Егер осы ферментті тоқтататын ингибитор қолданылса, қартаюды тудыратын жасушалар жоғалуы мүмкін.

Бұл болжамды тексеру үшін ғалымдар қарт тышқанның денесіне GLS1 ферментін шығаратын қатерлі ісіктердің кейбір түрлеріне қарсы қолданылатын препараты жіберген. Нәтижесінде тышқанның бүйрегі, бауыры мен өкпесінің қызметі жақсарып, ағзасы күшейе түскен.

«Адамның максималды өмір сүру ұзақтығы 120 жыл деп есептелсе, қартаюға байланысты өлімнің жоғарылауының негізгі механизмдерінің бірі - бұл қабыну процестерін қоздыратын жасушалардың жинақталуы. Егер бұл механизм жойылса, онда жасқа байланысты өлім коэффициенті өседі. Яғни, адам 100 жасқа дейін сау өмір сүре алады. Дені-басы сау боп жүреді және ауырмайды (қартайған кезінде де), бірақ 120 жасқа дейінгі ең ұзақ өмір сүру ұзақтығы өзгермейді, - деп айтады профессор Макото Наканиси.