Ғалымдар Pfizer вакцинасының коронавирустың жаңа штамдарына қарсы тиімді екенін анықтады
Қатар мен Израильде жүргізілген зерттеулер Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы британдық және оңтүстік африкалық штамдарға қарсы тиімді екенін көрсетті.
The New York Times мәліметінше, Қатарда өткен зерттеулерде Pfizer вакцинасының екі дозалы екпесінен кейін науқастардың 75 пайызында оңтүстік африканша штамына иммунитет пайда болған болса, британдық штамм жағдайында бұл көрсеткіш 87-89 пайызды құраған.
Ал, Израильдегі сынақтар нәтижесіне орай Pfizer вакцинасының британдық штампқа 95 пайыз төзімді екені белгілі болды.