Копенгаген университеті мен Беркнес атындағы Норвегия климатты зерттеу орталығы ғалымдарының жаңа есептеулері бойынша мұхиттардағы су деңгейі күтілгеннен әлдеқайда тез көтеріліп жатыр.
«Ocean Science» журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, бұған дейінгі болжамдарда жер бетіндегі мұхиттар деңгейі ғасырдың соңына дейін 1,1 метрден асатыны жайлы болжам жасалмаған болатын. Алайда, Копенгаген университеті мен Беркнес атындағы Норвегия климатты зерттеу орталығы ғалымдарының жаңа есептеулеріне орай, Жер Цельсийден жарты градусқа ғана жылы болған кезде мұхиттар жарты метрге көтеріледі, ал 2 градус жылы болған кезде, ол бір метрден асады. Болжам бойынша ғасыр соңында Жердегі температура 4 градустан асады деп күтілуде.
Бұл дегені яғни су деңгейінің көтерілуінің әсері жағалауда немесе ойпатта тұратын әлем халқының үштен екісіне қауіп төндіреді. Мұндай апаттың алдын алу үшін зерттеу авторлары жылу газдары шығарындыларын күрт төмендету қажеттілігін атап көрсетеді. Ғалымдардың айтуынша, әлемдік экономика көміртекті тұтынуды кем дегенде тағы 200 млрд тоннаға азайтуы керек.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерриш климаттың өзгеруі салдарынан соңғы 10 жыл ішінде әлемде 410 мыңнан астам адам табиғи апаттардан зардап шеккенін айтты.
Бразилияда кейбір тропикалық ормандар көмірқышқыл газын сіңірудің орнына оны бөле бастаған. Ал Гренландияда ең үлкен мұз қабаты бөліктерге бөлініп кетуде. Ғалымдардың пікірінше, үлкен мұздықтардың бөлінуі климаттың өзгеру процесі өте тез жүріп жатқандығын көрсетеді.
<iframe width="640" height="360" src="https://www.youtube.com/embed/Vu2v9f6ISCI" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>