Ғалымдар өмірді қысқартатын өнімді жариялады
Британдық ғалымдар адам өмірін қысқартатын және мейлінше ұзатуға көмектесетін өнім туралы мәліметті жариялады.
«Express» басылымының дерегінше, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы өсімдікке негізделген диетаны ұстану арқылы қол жеткізуге болады. Ғалымдардың зерттеулеріне байланысты қызыл етті, әсіресе бекон мен шұжықты жеу ер адамдар арасында өлім қаупін арттырады екен. Сонымен қатар жүректің ишемиялық ауруы сияқты созылмалы аурулардың пайда болу ықтималдығы жоғары.
Мамандар ер адамдарға ет орнына бұршақ, соя және жаңғақ жеуге кеңес береді.