Массачусетс технологиялық институты жетекшілік ететін халықаралық зерттеушілер тобы плазманы пайдалана отырып, Марс жағдайында оттегін алу әдісін әзірледі.
«Оттегін алу үшін көмірқышқыл газының молекулаларын ыдырату күрделі процесс. Сонымен қатар, тағы бір күрделі реакция кезінде алынған оттегінің газ қоспасынан бөлінуі болып табылады. Плазма екі мәселені де шешуге көмектеседі», - деп есептейді ғалымдар Journal of Applied Physics журналында жарияланған мақалада.
Плазма – материяның төртінші формасы. Плазмада электрондар мен иондар сияқты бос зарядталған бөлшектер бар. Электр өрістері арқылы электрондарды оңай жылжытуға болады.
Электрондар газ молекуласымен соқтығысқанда оны ыдыратып, оттегі мен газ қоспасын құрайды. Плазмадан бөлінетін жылу оттегінің шығуына көмектеседі. Ғалымдар бұл теорияны тәжірибеге сүйене отырып дәлелдеген.
Ғалымдардың пікірінше, бұл технология Марста өмір сүруге қолайлы жүйені және отынды өңдеуге, құрылыс материалдар мен тыңайтқыштар өндіруге қажетті химиялық заттарды әзірлеуде шешуші рөл атқарады.