Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациялары туралы ескертуде
Vir Biotechnology және Темпл университеті Геномика және эволюциялық медицина институтының американдық ғалымдары мен математикалық есептеулер негізінде коронавирустық мутацияны болжауға мүмкіндік беретін болжам моделін жасады.
Известия баылымындағы бұл ақпаратта, ғалымдар алдағы төрт айда 22 жаңа SARS-Cov-2 мутациясы пайда болады деп болжайды. Сонымен бірге мамандар коронавирустың бүкіл әлемге таралатын және пандемияның әртүрлі кезеңдерінде әрекет ететін өзгерістерін ескерген.
Модель олардың пайда болуын жаһандық таралуынан бес ай бұрын бір пайызға дейін болжай алады. Модельді сынау арқылы ғалымдар бүкіл әлемде таралатын штамдарды ғана емес, сонымен қатар L452R, P618R, E484Q мутацияларын да ретроспективті түрде «болжай» алды. Бұл үнділік «Delta» штаммының бүкіл әлемге таралуына бірнеше ай қалғанда пайда болуына әкелді.