Нью-Джерсидегі Ратгерс медицина мектебі ғылыми-зерттеу институты және аймақтық биоқауіпсіздік зертханалар мен бірлесіп «Colgate» компаниясы өткізген зерттеуге орай коронавирусты екі минут ішінде 99,9 пайыз жоятын әдіс табылды.
Британия стаматология қауымдастығының «British Dental Journal» басылымында жарияланған зерттеуге сай, құрамында мырыш немесе қалайы бар тіс пасталары екі минут ішінде коронавирустың 99,9 пайызын жоя алады. Сонымен қатар, цетилпиридиний хлориді бар ауыз шайғыш заттар да ауыз қуысындағы коронавирусты жояды. Бұл элементті тіс пасталары мен спрейлер құрамында да кездестіруге болады.
Мақалада айтылуынша, ауыз қуысындағы коронавирусты толығымен жою үшін цетилпиридиний хлоридімен ауызды шаю кезінде 30 секунд қажет.
«Цетилпиридиний хлоридінің қасиеттерін коронавирусты емдеуде емес, оның алдын-алуда қолдану керек», - дейді Гамалея орталығының бас ғылыми қызметкері Анатолий Альтштейн.
Оның сөзінше, цетилпиридиний хлориді SARS-CoV-2 вирусының липидті қабығын ыдыратып, оның жойылуына әкеледі. Сондықтан коронавирусты жұқтырған науқас аузын осы элемент бар құралмен жиі шаюы керек.