Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ғалымдар коронавирустың алғашқы нақты 3D бейнесін жариялады
11:06 / 2021-01-22

Австриялық ғалымдар коронавирустың алғашқы үш өлшемді нақты фотосын жариялады. Бұған дейін вирустың компьютерде жасалған модельдері ғана қолданылған.

Бұл сурет – бір сәтте мұздатылған SARS-CoV-2 вирусының 3D кескіні. Оны Австриялық ғалымдар Вена Техникалық Университетінің еншілес кәсіпорны – «Nanographics» компаниясымен бірге жасаған.

<iframe width="632" height="356" src="https://www.youtube.com/embed/7g0fkC3CywM" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Компания атаулы кескінді жасау үшін Бейжіңдегі Цинхуа университеті ғалымдарының мәліметтерін пайдалану арқылы жүзеге асырғаны мәлім болды. Өйткені Қытай ғалымдары вирус үлгілерінен оның зақымдалмаған бөлшектерін бөліп алып, сканерлеп, сандық түрде сақтай алған.