Германияның Ульм университеті медициналық орталығының молекулярлық вирусология институты ғалымдары, коронавирустың 97 пайызын 5 минут ішінде жоятын өсімдікті тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Зерттеушілер тобы табиғи өнімдерді вирустармен бөлме температурасында араластырып, біраз уақыттан кейін олар COVID-19 өзін қалай өзгеретінін анықтады. Нәтижесінде қарапайым қара рябина жемісі шырыны небәрі 5 минут ішінде ағзадағы коронавирустың 97% жойғаны және анар шырыны да вирусқа қарсы күшті әсер ететінінің күәсі болған. Бұл жеміс шырынымен қарапайым түрде тамақты шаюдың өзі COVID-19 қоздырғыштарының 80%-ға дейін жоятыны айтылған.
Бүгінгі таңда ғалымдар тәждівируспен күресудің ең жақсы тәсілдерінің бірі оның алдын-алу деп санайды, өйткені әлі күнге дейін толық тексерілген вакцина немесе ауруды 100% емдеуге мүмкіндігі бар дәрі жоқ. Алдын алу шаралары белгілі және қарапайым, сонымен қатар олар тиімді де: қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық, маска кию және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу.
Ульм университеті сарапшыларының пікірінше, басқа табиғи шырындар ішінде, көк шай да коронавирусты айтарлықтай әлсіретеді.