Ғалымдар коронавирусқа қарсы «супериммунитет» қалыптастыру әдісін айтты
Американдық ғалымдар COVID -19-дан айыққаннан кейін вакцина қабылдау жаңа түрдегі инфекциялардан жақсы қорғайтын «супериммунитет» қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың қорытындысы бойынша, аурудан кейін Pfizer немесе Moderna вакцинасының екі дозасы коронавирустың 6 мутациясына, олар қатарында «Delta» және «Beta» нұсқаларына қарсы тиімді болған және үлкен көлемдегі «икемді» антиденелер шығаруға итермелейді.
«Икемді» антиденелер сонымен бірге зертханада арнайы жасалған және бір уақытта бірнеше штамдар біріккен мутацияға төтеп бере алған. Тек ауру немесе вакцина алған адамдардың иммунитеті бұл инфекцияға қарсы тұралмады.