Португалия университеті мен Бонн университетінің ғалымдары кофе кейбір ауруларды емдеуге пайдалы әсер етеді.
Zdorivia порталында жарияланған зерттеушілердің тиісті қорытындыларына қарағанда кофе ми ауруларының даму қаупін төмендетуі мүмкін.
Ғалымдардың айтуынша кофеин белгілі бір рецепторды блоктап, стресстік белгілерді төмендетеді. Егер сіз күніне кем дегенде төрт кесе кофе ішсеңіз, бұл тиімділікті арттырады. Үнемі кофе ішетіндердің депрессияға шалдығуы 20%-ға аз екені дәлелденген.
Балтимор университетінің ғалымдары кофені үнемі ішу ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін жақсартады дейді. Ал кофе мидағы ақуыздың жиналуын төмендететіндіктен, бұл әсіресе деменция мен Альцгеймер ауруының даму қаупі бар адамдарға өте жақсы.
Монреальдағы зерттеу институты кофенің дірілден арылуға көмектесетінін, сонымен қатар әр түрлі жүрек ауруларына көмектеседі деп мәлімдейді. Сондай-ақ жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға күніне үш-бес кесе кофе ішу ұсынылады.