Франциядағы Гренобль-Альп университетінің астрономдары Күн жүйесінде Жерден үш есе үлкен жаңа субнептун планетасын анықтады.
Phys сайтының мәліметінше, жаңа экзопланета M ергежейлі жұлдыз айналасында қоныс тепкен болып, ол TOI-269 b деп аталады.
TOI-269 b Жерден шамамен 186 жарық жыл қашықтықта орналасқан. Ол өзінің мөлшері мен басқа сипаттамаларына байланысты субнептун санатына жатады. Субнептун радиусы Жерге қарағанда үлкен, бірақ тығыздығы аз планеталар қатарында. Мұндай планеталар «ата жұлдыздарға» өте жақын және олардың әсеріне - сәулеленуге ұшырайды.
Нақтылы айтқанда, жақында табылған «бөтен әлем», Жерге қарағанда 8,8 есе үлкен және ол өз жұлдызын әр 3,7 күн сайын айналады. Бақылаулар көрсеткендей, TOI-269 b «ата-аналық жұлдыздан» шамамен 0,0345 AU (астраномиялық бірлік) қашықтықта артта қалып, планетадағы температура 257 C-ді құрайды.
Ол TESS спутнигі алған мәліметтерді талдау арқылы табылды. Бұл құрылғы біздің Күнге ұқсас жұлдыздардың жанында орналасқан транзиттік экзопланеталарды іздеуге және зерттеуге арналған.