English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ғалымдар COVID-19-тен қорғаудың жаңа әдісін тапты
17:37 / 2021-06-16

Йель университетінің бір топ зерттеушілері COVID-19 ауруынан сақтайтынын жаңа әдісті анықтады.

Daily Mail басылымының мәліметінше, сарапшылар суықтық қоздыратын вирус науқас адамда коронавирустың инфекциясын болдырмайтын иммундық реакцияны тудырады, дейді. Бұл жаңалық COVID-19 емінің тиімді әдістерін табудың бастапқы нүктесі болуы мүмкін.

Иммундық реакция аурудың алғашқы кезеңінде жауап беретін және организмдегі вирустық репликацияның алдын алатын интерферонмен ынталандырылған гендерден тұрады. Олар аурудың алғашқы кезеңінде әрекет етеді және денеде вирустың көбеюіне қарсы тұрады.

Зерттеу барысында ғалымдар зертханада тыныс алу жолдарының ұлпаларын өсіріп, оны риновирусты, содан кейін коронавирусты жұқтырды. Нәтижесінде дененің суыққа қарсы иммундық реакциясы SARS-CoV-2 таралуына жол бермеді.

Сарапшылар сондай-ақ коронавирусты жұқтырған сәттен бастап мұндай емдеу мүмкіндігінше тезірек жүргізу керек деген қорытындыға келген. Өйткені кейінгі кезеңдерде бұл әдіс COVID-19 ағымын ауырлатуы мүмкін.

Ғалымдар бұл жаңалық коронавирусты емдеудің тиімді әдістерін табатынына сенім білдірген.