Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ғаламдық жылыну салдарынан акулалар жойылып кетуі мүмкін
09:38 / 2021-06-18

Ғаламдық жылыну салдары акулалар популяциясына қауіп төндіруде. Климаттың өзгеруі нәтижесінде мұхит температурасының көтерілуіне байланысты жұмыртқадағы акулалар жыртқыштарға қарсы қорғансыз болады.

Осы тұрғыдағы Манчестер университеті ғалымдарының зерттеу жұмыстарының қысқаша мазмұны Phys.org сайтында жарияланды.

Зерттеуге қатысқан маман Даниэль Риплидің айтуынша, мұхиттағы мұндай өзгеріс жұмыртқадағы балапанның «қатып» қалуы мүкіндігін арттырады. Егер эмбрион қатып қалса, оны жыртқыш аңдар, соның ішінде ірі балықтар мен басқа акулалар анықтай алмайды. 

Ғалымдардың айтуы бойынша уақытша салқындату - жануарлардың тіршілігі үшін маңызды процесс. Егер температура төмендемесе, климаттың өзгеруі акула санының күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін.