Гаитиде түрмеден қашпақ болған 10 тұтқын қаза тапты
Гаитидегі Круа-де-Буке түрмесінен қашпақ болған он тұтқын атып өлтірілді.
Haiti 24 басылымындағы хабарға сай, түрмеден қашпақ болған сегіз тұтқын қамауда қайтыс болып, оның екеуі ауруханада көз жұмған.
Олар қамаудан қашу үшін үшін ас үй мен қойманы өртеп жіберген. Полиция ұсталғандардың жанынан алты атыс қаруын тапқаны айтылады хабарламада.