Гаитиде соққан тропикалық дауылдан бес адам қайтыс болды
Жексенбі күні таңертең Гаитиде болған «Лаура» тропикалық дауылынан елдің оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында бес адам қаза тапты
Жексенбі күні таңертең Гаитиде болған «Лаура» тропикалық дауылынан елдің оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында бес адам қаза тапты.
Гайити Байланыс министрлігінің хабарында айтылуынша, елдің оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында «Лаура» тропикалық дауылынан бес адам қайтыс болған (олар арасында10 жасар қыз да бар), делінген.
Ел билігі дауылдың салдарына байланысты ауа-райы қауіптілігінің «қызыл» деңгейін жариялап, бұл жағдайдың пандемиямен тұспа-тұс келуіне орай коронавирустың өршуі алдын алу мақсатында республикалық құтқару қызметін жіберіп, мұқтаж жандарға уақытша баспана және маскалар таратуды ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта арнайы мамандар тобы апат салдарынан зардап шеккен жолдар мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.
Жұма күнгі ақпарат бойынша АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы берген мәліметке сай «Лаура» атты тропикалық дауыл Солтүстік Атлант мұхитында пайда болып, батысқа қарай бет алды. Соңғы мәліметтер бойынша қазір дауыл Доминикан Республикасынан Кубаға қарай жүріп жатыр.