Гаитиде бандалар түрмеге басып кіріп, 4 мың тұтқынды босатып жіберді
Қарулы топтар Кариб теңізіндегі Гаитидегі түрмеге басып кіріп, 4 мыңға жуық тұтқынды босатқан.
Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, түрмеге шабуыл сенбіге қараған түні, Гаити премьер-министрі бандитизммен күресу үшін халықаралық контингентті орналастыру туралы келіссөздер жүргізу үшін Кенияға барғаннан кейін болды және банданың жетекшісі, «Барбекю» лақап атты бұрынғы полиция қызметкері Премьер-министрге қарсы соғыс жариялады.
Жексенбі күні түрмеге шабуыл жасалғаны белгілі болған соң, оған халықаралық агенттіктердің жергілікті тілшілері барған. Агенттік дерегінше, түрменің қақпалары ашық және жақын жерде оннан астам мәйіт жатқан.