Гаитидің өтпелі президенттік кеңесі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге уәде берді
Гаитидің өтпелі президенттік кеңесі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және адамдардың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған алғашқы мәлімдемесін жариялады.
Синьхуа дерегінше, кеңес төрағасын, жаңа премьер-министрді және министрлер кабинетінің мүшелерін іріктеу тетігі аяқталды.
Кеңестің инаугурациядан кейін бірден жаңа премьер-министрді тағайындайтыны, сонымен қатар жаңа премьер-министрге Гаитидің мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуына көмектесу үшін үкіметті құруға көмектесетіні атап өтілді.
Мәлімдемеде кеңес мүшелерінің қызметке кірісу мерзімі көрсетілмеген.
29 ақпаннан бері Гаитидің қарулы топтары ел астанасы Порт-о-Пренсте премьер-министр Ариэль Генридің отставкаға кетуін талап етіп, бірқатар шабуылдар жасады.