French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гаити президентін оның резиденциясында өлтіріп кетті
15:06 / 2021-07-07

Гаити президенті Джовенел Моизға қастандық жасалды. Қаскүнемдер оның Порт-о-Пренстегі резиденциясына белгісіз біреулер басып кіргіп шабуыл жасаған.

ВВСдің хабарлауынша, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні белгісіз біреулер Моиздің резиденциясына шабуыл жасағаны белгілі болды.

«Бүгін, 7 шілдеде таңертең испан және ағылшын тілдерін білетін бір топ белгісіз адамдар, Республика Президентіне қастандық жасады. Президент алған жарақаттарынан қайтыс болды », - деді премьер-министрдің міндетін атқарушы Клод Джозеф.

Шабуыл салдарынан оның әйелі Мартина Моиз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бірақ көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ол да қайтыс болды.

53 жастағы Джовенел Моиз 2017 жылдың ақпан айынан бастап ел басқарып кележатқан еді.

Премьер-министрдің міндетін атқарушы Клод Джозеф кісі өлтіруді айыптап, оны «жабайы әрекет» деп атады. Ол сондай-ақ ел президенттігін өз қолына алғанын мәлімдеген.