Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Габондағы әскерилер өтпелі кезеңге ел басшысын тағайындады
10:11 / 2023-08-31

Габонда төңкеріс жасаған әскерилер өтпелі кезеңде елдің көшбасшысы генерал Брис Олиги Нгуема болатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Габон ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде айтылған.

Интерфакс дерегінше, Брис Олиги Нгуэма Габон Республикалық гвардиясының бас қолбасшысы, сондай-ақ елдің құлатылған президенті Али Бонго Ондимбаның немере ағасы. 

Еске салар болсақ, бұған дейін Габондағы бір топ әскери қызметкер сенбі күні билікте 14 жыл отырған және үшінші мерзімге қайта сайланған президент Али Бонго Ондимбаның биліктен кететінін қоғамдық телеарна арқылы жариялады. Ал төңкерісті ұйымдастырушылар сайлау нәтижелерін жарамсыз деп тауып, барлық билік институттарын таратып, елдің шекарасын келесі ескертуге дейін жауып тастады.