G7 саммиті Англияда жаз маусымында өтеді
G7 елдерінің саммиті Англияның оңтүстігіндегі Корнуоллда 11-13 маусым аралығында өтуі жоспарланған.
Ұлыбритания премьер-министрі кеңсесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап таратқан РИА Новости хабарында, «Саммит 2021 жылдың 11-13 маусым аралығында Корнуоллдегі Карбис-Бэйде өтеді ... Әлемнің жетекші демократиялық елдерінің премьер-министрлері мен президенттері маусым айында Корнуоллда бас қосып, онда – коронавирусқа қарсы күрес, климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылайтын болады және әлемдегі адамдар ашық сауданың, технологиялық жетістіктердің және ғылыми жаңалықтардың артықшылықтарын пайдалана алатындай жағдай жасау үшін... Атаулы жиынға Австралия, Үндістан және Оңтүстік Корея қонақ елдер ретінде қатысуға шақырылады», - делінген.