Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
G7 көшбасшыларының кездесуі 2024 жылы Италияда өтеді
10:48 / 2023-05-21

«Үлкен жетілік» көшбасшыларының келесі кездесуі 2024 жылы Италияның Апулия аймағында өтеді.

Бұл туралы, G7 елдерінің 2024 жылғы төрағалықты қабылдайтын Италия премьер-министрі Джорджа Мелони мәлімдеп, кездесу келесі жылы маусым айында өтетінін жеткізді.

«Келесі жылға арналған идеяларымызды ұсына алдым. Мен саммиттің маусым айының ортасында өтетінін хабарладым. Біз Еуропалық сайлаудың күнін күтіп отырмыз, олар 9-10 маусымда өтетін болып тұр, біз кейін бірден G7-ні өткізетін боламыз», - деді ол Жапонияның Хиросимадағы G7 саммитінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Өткізу орны Апулия болады. Жаһандық оңтүстік орталық тақырып болатын кездесуде біз көшбасшыларды Италияның оңтүстігіне апарамыз», - деген Мелони.