«Үлкен жетілік» елдерінің көшбасшылары Иранның Израильге жасаған шабуылын «нақты және батыл» айыптады.
Бұл туралы жексенбі, 14 сәуірде өткен кеңестің қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемеде айтылған.
«Біз Израиль мен оның халқына толық ынтымақтастығымыз бен қолдауымызды білдіреміз және оның қауіпсіздігіне адал екенімізді растаймыз», - делінген хабарламада.
«Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Иранды аймақты тұрақсыздандыруға бағытталған қадамдар жасап отыр деп айыптап, Тегеранның «бақылауға болмайтын аймақтық шиеленістерді тудыруы мүмкін екенін» айтып, бұған жол бермеу керектігін мәлімдеген.
«Үлкен жетілік» елдері жағдайды тұрақтандыру және шиеленістің алдын алу бойынша күш-жігерді жалғастыруды жоспарлап отыр. Олар Иран мен оның «сенімді тұлғаларынан» шабуылдарды тоқтатуды талап еткен. Сондай-ақ Газа секторындағы дағдарысты тоқтатуға, «тез арада және тұрақты» атысты тоқтатуға және ХАМАС қозғалысының кепілдегілерді босатуға ұмтылатындарын мәлімдеген.