G7 елдері Украинаға гуманитарлық көмекті арттыруға келісті
«Үлкен жетілік» тобының Сыртқы істер министрлері Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуді арттыруға келісті және басқа елдерді де осыған шақырды.
«Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындысы бойынша украин халқының қажеттіліктері күн сайын артып келе жатқандықтан, гуманитарлық көмекті айтарлықтай арттыру туралы шешім қабылданды, делінген Германия Сыртқы істер министрлігінің бейсенбі күні жарияланған мәлімдемесінде.
Атаулы басқосуда министрлер басқа елдерді «осы күш-жігерге қосылуға» шақырған.
Сондай-ақ баяндамада Украинадағы шайқастар «азық-түлік қауіпсіздігіне және Украинаның ауылшаруашылық секторының жеткізіліміне тәуелді көптеген елдердегі бағаларға үлкен әсер ететіні» айтылған.