G7 елдері Ауғанстандағы жағдайға байланысты кеңес өткізеді
Ұлыбритания премьер -министрі Борис Джонсон Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуін реттеу үшін G7 елдері басшыларының виртуалды кездесуін өткізбекші.
Reuters-тің хабарлауынша, жиында Джонсон ұйым басшыларын Ұлыбритания азаматтары мен басқа адамдарды Кабулдан эвакуациялауды күшейтуге шақырмақ.
G7 елдерінің телекөпір кездесуі таяу күндері өтеді деп күтілуде.
Дереккөздік мәліметінше, Джонсон дүйсенбіде Франция президенті Эммануэль Макронмен сөйлесіп, екі ел болашақ Ауғанстан үкіметін тану және гуманитарлық, көші -қон дағдарысын болдырмауға тырысу жолында бірігіп жұмыс жасауға келіскен.
Бір күн бұрын Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб, егер талибандар адам құқығын қорғай алмаса немесе бұл елдің қайтадан терроризмнің базасына айналуына мүмкіндік берсе, батыс серіктестер санкциялар енгізу мен көмекті тоқтату мүмкіндігін қарастыратынын айтты.