Футзалдан Португалия құрамасы әлем чемпионы болды
Литвада футзалдан әлем чемпионаты аяқталды. Онда Португалия құрамасы жеңіске жетті.
Турнирдің шешуші кездесуінде ең кейінгі әлем чемпионы Аргентина мен әлемдегі жетекші командалардың бірі Португалия құрамасы күш сынасты. Матчта португалиялық Варела дубл жасаған болса, Аргентина құрамасынан Клаудино жалғыз голымен жауап берді. Қорытынды есеп - 1:2.
Осылайша 2021 жылғы футзалдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы жеңіске жетті.