Футзалдан Азия чемпионаты кейінге қалдырылды
Қытай футбол қауымдастығы 2022 жылда U-23 жасқа дейінгі Азия чемпионатын өткізуден бас тартқан
Азия Футбол Конфедерациясы (АФК) Кувейт Футбол қауымдастығы және барлық тиісті тараптармен келіссөздерден кейін футзал бойынша "Кувейт-2020" АФК чемпионатын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады және оны 2021 жылы өткізу жоспарланған.
АФК-ның ресми сайтында жарияланған хабарламада, сайыс COVID-19 ауруының тарауына байланысты тоқтатылған болып, оның келесі жыл қай мезгілде өтуі әзірге белгісіз.
Бұдан бөлек, Қытай футбол қауымдастығы 2022 жылда U-23 жасқа дейінгі Азия чемпионатын өткізуден бас тартқан. Қытайдың мұндай шешім қабылдауына пандемия себеп ретінде де айтылады. Осыған байланысты АФК 23 жасқа дейінгі турнирдің 2022 және 2024 жылдары өткізетін жаңа ел іздейтінін мәлімдеген.