Футзал бойынша Әлем чемпионаты өтетін қалалар белгілі болды
Футзал бойынша Әлем чемпионаты Өзбекстанның үш қаласы – ел астанасы Ташкент, көне Жібек жолының торабында орналасқан Бұхара және аңғардың жауһарына айналған Әндіжанда өтеді.
Орталық Азиядағы ФИФА демеушілігімен өтетін бірінші жарыста әлемнің ең мықты 24 құрамасы футзалдан әлем чемпионатына таласады.

Айта кетейік, футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының ресми жеребе тарту рәсімі биылғы жылдың 26 мамырында Самарқанд қаласындағы Регистан алаңында өтеді.