Футболдан Өзбекстан құрамасы достастық кездесуде Иракқа ұтылды
Футболдан Өзбекстан Ұлттық құрамасы достастық кездесуде Ирак құрамасына кіші есепте есе жіберді.
Ташкенттегі «Бунеткор» алаңында өткен тартысты кездесудің 56 минутында алаңға шыққанына бір минутта болмаған Шерко Карим Латиф соққан гол Ирак құрамасына жеңіс әкелді.
Екі құрама ойындары тарихына назар салсақ Ирак футбол командасы алғаш рет Ташкентте жеңіске жетті. Жалпы статистика бойынша 11 кездесу өтіп, оның 5-де Өзбекстан жеңіске жеткен болса, үш кездесу Ирак құрамасының пайдасына шешілген. Ал,үш кездесу тең нәтижемен аяқталған.