Футболдан Өзбекстан Ұлттық құрамасы «FIFA Series-2026» турниріне қатысады
Биылғы жылдың наурыз және сәуір айларында Өзбекстан Ұлттық құрамасы ФИФА ұйымдастыратын «FIFA Series-2026» халықаралық турнирін қабылдайды.
Аталған жарыс ұлттық құрамалар үшін халықаралық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартуға мүмкіндік береді. «FIFA Series-2026» халықаралық турниріне қатысу үшін елімізге Исландия, Габон және Тринидад пен Тобаго ұлттық құрамалары келеді.
Еске сала кетейік, Фабио Каннаваро баптайтын Өзбекстан Ұлттық құрамасы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін футболдан әлем чемпионатының «K» тобына түскен. Бұл топта Өзбекстан құрамасы Португалия, Колумбия, сондай-ақ Конго / Ямайка / Жаңа Каледония құрамаларының бірімен бақ сынайды.