Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футболдан U-23 Азия кубогы жарысы қайда өтетіні белгілі болды
12:37 / 2022-09-30

Азия футбол конфедерациясы 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2024 жылғы Азия кубогы өтетіні орынды жариялады.

Куала-Лумпурде өткен Азия футбол конфедерациясы жарыс комитетінің бесінші отырысында 23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы 2024 жылғы Азия кубогы Қатар мемлекетінде өтетін болды.

Биылғы жылдың қараша айында 2022 жылғы футболдан Әлем чемпионатын қабылдайтын Қатар елі, U-23 Азия кубогы ойындарын қабылдауға ниетті Иран, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және БАӘ үміткерлерінің арасынан таңдалған.

Сондай-ақ, отырыста пандемияның бүкіл Азиядағы ықпалының төмендеуін ескере отырып, Комитет АФК Атқарушы комитетіне 2023 жылдан бастап Ковид-19 пандемиясы кезінде қолданылатын арнайы ережелерді тоқтатуға келісті.

U-23 Азия кубогы жарысында Париж Олимпиадасына жолдама сарапқа салынады.