Футболдан Олимпиада ойындарында Франция мен Испания құрамалары финалға шықты
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарын аясында футболдан Франция мен Испания құрамалары финалға шықты.
Алғашқы жартылай финал кездесуінде Испания құрамасы Марокко құрамасын 2:1 есебінде жеңген болса, Олимпиада иелері Франция құрамасы қосымша таймда соғылған голға байланысты Мысыр құрамасын 3:1 есебімен ұтты.
Осылайша 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында футболдан Франция мен Испания құрамалары финалда бақ сынайды.
8 тамызда Африка құрамалары Мысыр мен Марокко құрамасы 3-орын үшін кездесу өткізсе, 9 тамызда финалда Франция Испаниямен ойнайды.