Британдық «FourFourTwo» басылымы 2021 жылдың ең үздік 50 жаттықтырушысының тізімін жариялады.
Басылым сараптамасы бойынша «Манчестер Сити» клубының бас бапкері Пеп Гвардиола бірінші орынға лайық деп бағаланған. 2021 жылы оның басшылығында команда Англия чемпионы атанып, Ағылшын лигасының кубогын жеңіп алды.
Үздік үштікте УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Суперкубок жеңімпазы атанған «Челси» бапкері Томас Тухел (2-орын) мен «Ливерпуль» жаттықтырушысы Юрген Клопп орын алған.
Сондай-ақ Антонио Конте («Интер», «Тоттенхэм»), Ханс-Дитер Флик («Бавария», Германия), Роберто Манчини («Италия»), Диего Симеоне («Атлетико»), Джулиан Нагелсман («РБ Лейпциг», «Бавария»), Гарет Саутгейт (Англия) және Маурисио Почеттино (ПСЖ) үздік 10 бапкер қатарына енген.
Ал жақында ғана Қатарлдың «Ал-Садд» клубынан Каталонияның «Барселона» клубына бас бапкер болып келген Хави Эрнандес осы рейтингтің 50 орынмен қорытындалаған.