Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футболдан Әлем чемпионатының кубогы Ташкентке әкелінді
14:25 / 2022-06-06

Футбол бойынша Қатарда өтетін Әлем чемпионаты басталмас бұрын турнирдің бас жүлдесі саналатын кубокты жаһанның 51 еліне апару жоспарланған. ТМД елдері арасында Өзбекстан ӘЧ кубогын қабылдайтын жалғыз ел болды.

ӘЧ кубогы 5 маусымда Ливан астанасы Бейруттен Ташкентке жеткізілді. Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда Coca-Cola компаниясы ұйымдастырған FIFA әлем чемпионатын ресми қарсы алу рәсіміне Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артиходжаев, Спортты дамыту министрі Адхам Икрамов және УФА бірінші вице-президенті Равшан Ирматов қатысты.

Бүгін, 6 маусымда Tashkent City аумағындағы «Congress Hall» орталығында Әлем чемпионаты кубогының презентациясы өтеді.