Футболдан Азия кубогы ойындары 2027 жылы Сауд Арабиясында өтеді
Сауд Арабиясы футболдан 2027 жылғы Азия кубогы ойындарын өз алаңдарында ресми түрде қабылдайтын болды.
Бахрейн астанасы Манамада АФК-ның 33-ші конгресі өтіп онда Азия футбол конфедерациясы 2027 жылғы Азия кубогының иесін жариялады.
АФК ресми сайтының хабарлауынша, Сауд Арабиясы 2027 жылғы Азия кубогын өткізу құқығына ие болды.
Айта кетейік, 2027 жылғы Азия кубогына бастапқыда 5 мемлекет өтініш білдірсе, оның ішінде Өзбекстан, Иран, Үндістан, Қатар және Сауд Арабиясы сынға түскен болатын. Бірақ Өзбекстан мен Иран өтініштерін қайтарып алды, Қатар 2023 жылы Азия кубогының қожайыны атанғаннан кейін бұл ел де өтінімін қайтарып алды, көп ұзамай Үндістан да тізімнен шықты. Ақырында Сауд Арабиясы жалғыз үміткер болды.