Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (CONMEBOL) Колумбиядағы орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты футбол бойынша Америка кубогы ойындарын елде өткізуге тыйым салды.
Ұйым сайтында жарияланған ақпаратта, «Халықаралық жарыстар күнтізбесі мен турнирлердің логистикасына байланысты себептер бойынша Америка кубогын қараша айына ауыстыру мүмкін емес», - делінген.
Осылайша Колумбия билігі Америка Кубогын маусымнан кейінірек мерзімге ауыстыру туралы берген өтінішін CONMEBOL қабылдамауға шешім шығарды және елді турнир өткізу құқығынан айырды.
2020 жылы наурызда Америка кубогы коронавирустық пандемияға байланысты 2021 жылға ауыстырылған еді. Жоспар бойынша турнир 13 маусым мен 10 шілде аралығында Аргентина мен Колумбияда өтуі керек болатын. Енді байрақты бәсеке өткізу құқығы толықтай Аргентина иелігіне өтті.
Турнирге екі топқа бөлінген 12 команда қатысады.
Солтүстік тобы: Колумбия, Бразилия, Катар, Венесуэла, Эквадор, Перу.
Оңтүстік тобы: Аргентина, Австралия, Боливия, Уругвай, Чили, Парагвай.
Әр екі жыл сайын өту дәстүрге айналған атаулы турнирдің ең кейінгі жеңімпазы Бразилия құрамасы.