Африка футбол конфедерациясының президенті Патрис Моцепе Африка Ұлттар кубогы белгіленген уақытта өтетінін айтты.
The Athletic порталының дерегінше, келесі жылдың 7 қаңтарында Патрис Моцепе Камерунда болады және ол осы турнир ашылу салтанатында Камерун мен Буркина-Фасо арасындағы ойынды тамашалайды
«Мен кубок берілетін сәтті күтемін. Біз Африка халқының мүддесі үшін әрекет ететінімізге көз жеткізуіміз керек. Біз футболды жақсы көреміз және әлемнің басқа бөліктерінен келген адамдармен жұмыс жасағымыз келеді. Біз басқа әлеммен – Америка, Еуропа, Қытаймен жұмыс жасағымыз келеді. Біздің міндетіміз континентімізді дамытып, Африка футболын әлемдегі ең жақсы футболға айналдыру» деген Патрис Моцепе.
Бұған дейін Африка кубогы коронавирусының «омикрон» жаңа штаммына байланысты өтпей қалуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Африка Ұлттар Кубогы - Африканың ең ірі халықаралық ұлттық құрама лары арасындағы турнир болып, ол әр екі жыл сайын өткізіледі. Өткен жылы турнир 2022 жылдың басына ауыстырылды және Камерунда 9 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді. Кубоктың қазіргі жеңімпазы – Алжир құрамасы.