Футболдан 2019/2020 жылғы клубтар арасында өтетін ӘЧ Қатарда өтеді
Бұл шешімді ФИФА кеңесі Парижде өтке кезекті жиынында мәлімдеді.
Бұл жайында Associated Press халқаралық ақпараттық агенттік хабарлаған. Хабарға сай, футболдан 2019/2020 жылғы клубтар арасында өтетін әлем біріншілігі Қатар елінде өтеді.
Бұл шешімді ФИФА кеңесі Парижде өткеy кезекті жиынында мәлімдеді. Аталған жарыс қазіргі күнге дейін 7 футбол командасы қатысып келген. Бұл маусыма да дәл солай өтеді. Бірақ келесі 4 жылдан кейінгі ӘЧ-да 24 клуб қатысатын болады.
ФИФА-ның клубтар бойынша футболдан ӘЧ Қатарда өткізуінің себебі 2022 жылда өтетін ӘЧ-нан алдынғы сынақ деген пайым айтқан.
Келесі клубтар арасындағы ӘЧ-на 24 жолдама: УЕФА тарапынан 8, КОНМЕБОЛ тарапынан 6, Азия мен Африка құрлығы және КОНКАКАФ-тан 3 клубтан қатысатын болады. Және бір жолдаманы Океания футбол конфедерациясына тиесілі болады.
