Футбол: Өзбекстанның U20 құрамасы Азия кубогының финалына шықты
Өзбекстан құрамасы Оңтүстік Кореяны пенальтилер сериясында жеңіп, финалға жолдама алды.
15 наурызда футболдан U20 Азия кубогының екінші жартылай финалдық ойынында Өзбекстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесті. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша бөлімдерде голсыз өтті.
Пенальти сериясында Өзбекстан құрамасының қақпашысы Атабек Боймуродов мінез көрсетті және қарсылас команданың үш ойыншысының соққысын қайтарып, Өзбекстан құрамасының 3:1 есебімен жеңісін қамтамасыз етті.
Осылайша Өзбекстан құрамасы U20 Азия кубогының финалына шықты. Финал кездесуі 18 наурызда өтеді. Онда Өзбекстан құрамасы Ирак құрамасымен ойнайды.
Еске сала кетейік, Өзбекстан мен Ирак құрамалары топтық кезеңде де кездескен болатын. Онда Өзбекстан 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.