Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: Өзбекстан жолдастық кездесуде Иранға есе жіберді
21:21 / 2020-10-08

Футбол бойынша Өзбекстан ұлттық құрамасы Иранға қарсы өткен жолдастық кездесуде жеңілді


Футбол бойынша Өзбекстан ұлттық құрамасы Иранға қарсы өткен жолдастық кездесуде жеңілді.

Ташкенттегі «Пахтакор» стадионында өткен кездесудің алғашқы бөлімі аяқталуына екі минут қалғанда ирандық «Зенит» клубының шабуылшысы Сердар Азмун есепті ашты. Екінші бөлімді де шабуылмен бастаған парсылар 51 минутқа келіп Өзбекстан қақпасына 11 мертрлік пеналтиден екінші голды соқты.

Осы голдан кейін шабуылға көшкен өзбек футболшылары екі минут өтер өтпес Иран қақпасына доп соқты. Гол иесі жақында ғана Италия А сериясының «Дженоа» клубына өткен Элдар Шамурадов.

Осылайша жолдастық кездесудің қорытындысы 1:2 есебінде қонақтар жеңісімен аяқталды. Бүгінге дейін Өзбекстан мен Иран құрмалары 11 мәрте кездесу өткізген болып соның 8-де парсылардың жеңісімен аяқталған. Бір кездесуде тараптар тең түскен болса, енді бір матча Өзбекстан жеңіске жеткен. 

Uzb-Eron (9).jpg