French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: Өзбекстан мен Армения ұлттық құрамасы достастық кездесу өткізеді
11:38 / 2019-12-30

Өзбекстан құрамасы 2020 жылдағы ӘЧ іріктеу кезеңіндегі ресми кездесулер алдынан екі достастық кездесу өткізуді жоспарлаған.


Өзбекстан футбол қауымдастығының хабарлауынша 2020 жылда Өзбекстан ұлттық құрамасы Ташкентте Армения футбол құрамасына қарсы достастық кездесу өткізеді.

Өзбекстан құрамасы 2020 жылдағы ӘЧ іріктеу кезеңіндегі ресми кездесулер алдынан екі достастық кездесу өткізуді жоспарлаған. Ең бірінші кездесу 23-ші ақпан күні Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Беларусь құрамасына қарсы өтсе, екінші кездесу 26 наурызда Ташкентте Армения құрамасын қабылдайтын болады.

ФИФА-ның қазіргі рейтингі бойынша 1289 ұпаймен Өзбекстан құрамасы 85 орында тұрақтаған. Беларусь құрамасы 87-де, ал Армения 102 орынға жайғасқан. Ұпай саны бойынша Өзбекстаннан артта тұрған болса да, Европа құрамалары Азия аимағының командаларынан біршама тәжірибелі саналатыны амалда өз дәлелін тапқан. Сондықтанда ұлттық құрама бапкері Вадим Абрамов өз шәкірттерін алдағы ӘЧ-на іріктеу турниріндегі негізгі үш ойын (Йемен, Сингапур, Сауд Арабиясына қарсы кездесу) алдынан оқу-жаттығу дайындықтарын осылай нықтап алмақ.

Қатарда өтетін 2022 жылдағы ӘЧ-на Азия құрлығынан іріктеу кезеңіндегі 5 кездесудің нәтижесі бойынша 9 ұпаймен Өзбекстан құрамасы топта көш бастап келеді. Келесі кездесу 2020 жыл 31 наурызына белгіленген болып онда Йеменге қарсы қонақта ойнайтын болады. Осыған дейінгі кездесулер кестесі бойынша Өзбекстан футбол құрамасы Йеменнен жеңіліп көрмеген.