Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: Өзбекстан мен АҚШ құрамасы жолдастық кездесу өткізеді
12:23 / 2023-07-03

2023 жыл күз айында Өзбекстан мен АҚШ құрамасы футболдан жолдастық кездесу өткізеді.

Өзбекстан футбол қауымдастығының хабарлауынша, Өзбекстан құрамасының мүшелері қыркүйек айында Америка Құрама Штаттарында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Мұхиттың арғы жағында өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында Өзбекстан құрамасы 9 қыркүйекте ФИФА рейтингінде 11-ші орында тұрған АҚШ құрамасымен жолдастық кездесу үшін алаңға шығады.

Атаулы матч 10 қыркүйекке қараған түні Ташкент уақытымен 03:30-да Миссури штатының Сент-Луис қаласындағы «Сити Парк» стадионында басталады.