Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі басталады
15:14 / 2020-09-03

Бүгін УЕФА Еуропа елдерінің ұлттық құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының екінші реткі турниріне старт береді


Бүгін УЕФА Еуропа елдерінің ұлттық құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының екінші реткі турнирінің топтық кезеңіне старт береді.

Амстердамда өткен жеребе нәтижесіне орай Еуропаның 55 ұлттық құрамасы соңғы жылдардағы көрсеткен ойын деңгейіне қарай 4 топқа бөлінген болып, онда 1-16 орындағы командалар «А» лигада, 17-32 ел құрамасы «В» лига, 33-48 ұлт өкілдері «С» лигадан орын алса, қалған 49-55 орындардағы ұлттық құрамалар «D» лига тобынан орын алған.

Топтық кезеңнің алты сайысы 2020 жылдың қыркүйек, қазан және қараша айларында өткізу жоспарланған. Турнирдің бірінщі туры 3/4/5 және екінші туры 6/7/8 қыркүйек күндеріне белгілеген. 

draw_ureader.jpg

Еске салар болсақ, 2019 жылда бастау алған УЕФА-ның Еуропа ұлттық құрамаларының арасындағы турнир «Ұлттар лигасының» алғашқы жеңімпазы Португалия құрамасы. 

УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі бойынша бүгін мына командалар алғашқы ойындарын бастайды:

«А» лига
Германия – Испания
Украина – Швейцария

«В» лига
Ресей - Сербия
Түркия – Венгрия
Болгария – Ирландия
Финляндия – Уэльс

«С» лига
Словения – Греция
Молдова – Kосово

«D» лига
Латвия – Андорра
Фарер аралдары – Мальта