Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: Түркия чемпионатында жаппай төбелес болды
12:29 / 2024-03-18

Түркия Суперлигасының 30-шы туры аясында өткен кездесуде ойыншылармен жанкүйерлер арасында жаппай төбелес болды.

«Трабзонспор» мен «Фенербахче» кездесуі аяқталғаннан кейін (2:3)  қонақ команда ойыншылары мен алаң иелерінің төбелесімен аяқталды.

Фенербахче 87-минутта шешуші гол соғып, жеңіске жетті.

Төреші ойын аяқталғаннан кейін «Фенербахче» ойыншылары жеңісті алаң ортасында эмоциямен тойлағаны алаң иелерінің жанкүйерлеріне ұнамай қалып, олар алаңға жүгіріп шығып, ойыншылармен ұрыса бастады.

Еске сала кетейік, «Фенербахче» Түркия чемпионатының турнирлік кестесінде 79 ұпаймен екінші орында тұр. «Трабзонспор» 49 ұпаймен үшінші орында. 81 ұпаймен «Галатасарай» бірінші орында тұр.