Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: Ресей құрамасы Қатарда өтетін 2022 жылғы ӘЧ қатыспайды
18:27 / 2020-02-05

Бұл туралы Қатардың «BeIN Sports» спорт арнасы хабарлады


Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресейдің 2022 жылғы Қатарда өтетін футболдан Әлем чемпионатына қатыспайды деп мәлімдеген. Бұл туралы Қатардың «BeIN Sports» спорт арнасы хабарлады.

Бұдан бұрын Британия басылымдары Ресей ұлттық құрамасы ӘЧ-2022 іріктеу кезеңін сәтті аяқтап финалдық кезеңге жолдама алған күннің өзінде жарыста оларды өз туы және әнұранынан пайдалану құқығынан айыру туралы хабар таратқан еді. Сондай-ақ бұл шектеулер олимпиада жарыстары мен түрлі халықаралық жарыстарға өз ықпалын көрсетуін айтқан.

Мына жағдайға Ресей Футбол қауымдастығы, Қатар спорт арнасының хабарын жоққа шығарып Дүниежүзілік антидопинг агенттігінен ӘЧ-2022 жылғы футбол жарысында қатыспау жайлы ешқандай хаттама алмағанын мәлімдеген.

Өткен жылдың желтоқсан айында Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) атқарушы комитеті Ресейге төрт жыл бойы халықаралық ірі жарыстарға қатысу мен ұйымдастыруға тыйым салған болатын.